Қылмыс

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға экстрадицияланды

  • Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға экстрадицияланды

    Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға экстрадицияланды

БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

"29 қазанда бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемдесуімен "БТА банкі" АҚ бұрынғы басқарма мүшесі &ndash басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты Грузиядан экстрадициялады", - делінген хабарламада.
Ол Мұхтар Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп, БТА банкінің 249 миллиард теңгеден асатын активтерін ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.

Бас прокуратураның ақпаратынша, Рамазанов қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген. Алайда Қазақстанның  құқыққорғау органдары шетелдегі әріптестерімен жұмыс жүргізіп, нәтижесінде Грузияның ішкі істер министрлігі оны ұстады.

Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласында тергеу изоляторына қамалды.

Еске салсақ, 2018 жылы Жамбыл облыстық соты банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әблязовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

sn.kz




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сенбі, 31.10.2020, 00:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31