Қылмыс

Нәрестенің өлімі туралы сот ісі: «Аудиожазбаны тыңдаған кезде, өзімді нашар сезіндім»

  • © Айнұр САПАРОВА/azh.kz

    © Айнұр САПАРОВА/azh.kz

«Облыстық перзентхана дәрігерлерінің әңгімелері жазылған аудиожазбаны тыңдағаннан кейін қылмыс жасалғанын түсіндім. Ал оған дейін нәресте өлі туды деп ойладым». Бұл - жәбірленуші Нұржамал ТҰРЫМБЕТОВАНЫҢ енесі - 68 жастағы Алтынхан ИЛЬЯСОВАНЫҢ сөзі. Ол 10 маусымда сотқа куәгер ретінде қатысқан еді. Оның ұлы, жәбірленушінің күйеуі Сатыбалды СЕЙТҚАЗИЕВ та осылай деді.

 

Аудиожазбаның өзі әзірге сотқа ұсынылған жоқ. Адвокаттардың сұрағына жауап берген Ильясованың айтуынша, өзіне Бауыржан мен Мейрамбек есімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екі қызметкері аудиожазбаны тыңдатқан, жазбада Қуаныш НЫСАНБАЕВ сол күні, өткен жылдың 28 қыркүйегінде кезекшілікте болған акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА нәрестеден құтылу керектігін айтқан.

 

- Осы жазбаны тыңдағанда өзімді нашар сезіндім. Бұған дейін мен дәрігерлерді қорғап, тіпті тергеушілердің сұрағына жауап беруден бас тартқан едім, - дейді Ильясова.

 

Олардың шетелдік азаматша жайында айтқан әңгімесінен, оның өзінің келіні туралы екенін түсінген. Бұл жерде нәрестенің анасы, 25 жастағы Нұржамал Тұрымбетова Өзбекстан Республикасының азаматы екендігін айта кеткен жөн. Оның өзі жәбірленуші ретінде төмендегіні айтты.

 

23 қыркүйек күні кешке іші ауырсынған әйелді жедел жәрдем облыстық перинаталды орталыққа жеткізіп, босануға дейінгі бөлімге орналастырады. 29 қыркүйек күні кешкі сағат 11-де ол құрсағының төменгі жағы ауырғанына шағымданған. Сол күні кезекші акушер-гинеколог Асқар Қайыржан екен. Ол физиологиялық ерітіндіні тағайындайды да, палатадан шығып кетеді. Тұрымбетова сотта өзіне дәрігерлер тарапынан тиісті көңіл бөлінбегенін  мәлімдеді. Дәл сол күні, сағат 13.26-да, ол дәрігерлердің көмегінсіз, босануға дейінгі бөлім палатасында салмағы 810 грамм, бойы 32 см болатын қыз баланы өзі босанады. Бұл жүктіліктің 6-шы айында болған.

 

Сот отырысында сотталушылар баланың шала туылғанын және тірі қалмайтынын, босанған әйелдің құрсақішілік инфекциясы бар екенін бірнеше рет айтты. Бұған жәбірленушінің күйеуі Сейітқазиев әйелінің ауырмағанын және 23 қыркүйекке дейін еш шағымы болмағанын айтты. Аудиожазбаны тыңдағаннан кейін ол шетінеген сәбиді эксгумациялауға келісімін берген. Сот-медициналық сараптама оның тірі туылғанын анықтады.

 

Тергеу жорамалы бойынша, туылғаннан кейін нәресте өлі туылды деп тіркелген, ал іс жүзінде тірі болған. Кезекші акушер-гинеколог Қайыржан баланың «тірі еместігін» айтып, палатадан шығып кетеді. Әйелді гинекологиялық бөлімге алып кетеді, ал акушер Жәмила ҚҰЛБАТЫРОВА баланы мәйітханаға жіберуге дайындап, бирка тағып жатқанда, оның жүрек соғысын сезеді. Ол сол күні кезекшілікте тұрған неонатолог дәрігер Сағадат ӘЛІМБАЕВАНЫ шақырады, олар жаңа туған нәрестеден мекониийді (алғашқы нәжісі) көреді. Қыздың аяқ-қолы қозғалып, тыныс алуға тырысып жатады. Алайда, Нысанбаевтың нұсқауымен ол тоңазытқыш камерасына салынды.

 

Сотта куәгер ретінде жауап берген, С.Әлімбаева балада тіршілік нышандары болғанын растады. Ол сол күні кешкі сағат 17.00-ге дейін кезекшілікте болған, содан кейін неонатолог дәрігерлер Руслан НҰРМҰХАНБЕТОВ пен Дариға ЖҰМАБАЕВА кезекшілікке түскен. Тергеу жорамалы бойынша, қылмыс туралы білген олар оны хабарлау мүмкіндігі бола тұрып, хабарламаған. Сол үшін Қылмыстық кодекстің 434-бабы - «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айып тағылуда.

 

Келесі сот отырысы 16 маусымға белгіленді.

 

Айнұр САПАРОВА
azh.kz




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 01:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31