Қылмыс

"Індет жұқтырған жезөкшелерді жасырған": Ақтаулық полицейлердің сұмдығы әшкере болды

  • © Photo :  Алматы ПД баспасөз қызметі

    © Photo : Алматы ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысында лауазымды полицейлердің заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуынша, агенттіктің Маңғыстау облыстық департаменті прокурорлармен бірлесіп, департамент полициясында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Олар шетелдік азаматтарға Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысатын притондар желісін ұйымдастыруға көмектескен.

 

"Облыста карантин жарияланған болатын. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері притондардың қызметін тоқтатуға шара қолданған жоқ. Тіпті, коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын да жасырды", – деді Жапақов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде пара беру, лауазымды асыра пайдалану, притондарды ұйымдастыру, сондай-ақ адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тиісті мекемелерге хабар бергеннен кейін 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Шетелдік екі азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды", – деп атап көрсетті Жапақов.


 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31