Қылмыс

Нұр-Сұлтан әуежайындағы миллиардтарды жымқыру ісі

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Биылғы сәуірден бастап антикоррупция қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында көп жылдан бері болған ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Тергеу материалдары сотқа әлі түспеген, алайда әуежай басқарма басшысының орынбасарымен еңбек шарты үзілген. Бұл туралы "Время" газеті жазады.

Іс бойынша басты күдікті - "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева. Есепшінің және басқа фигуранттардың кінәсі әлі дәлелденбеген. Алайда әуежайдағылар соттың шешімін күтпестен осындай тұжырым жасап отыр.

Антикоррупция қызметі әуежай басшылығына қатысты шара қолдануды талап еткен соң басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Мыңжасов қызметінен айырылған. Онымен келісімшарт үзіліп, өтемақы төленген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер көз алдындағы жымқыру ісіне жол бергені үшін кәсіпорын жетекшілерін тәртіптік жазаға тартуды талап еткен. Бізге мәлімет бергендер Мыңжасовқа жұмыстан шығару кезінде бірнеше миллион теңге өтемақы төленгенін айтты, ал оның бастығы Рәділбек Әдімолда тіпті жеңіл жазаланған", - деп жазады басылым.

Вице-министр Берік Қамалиев Жақсылық Мыңжасовпен келісімшарт директорлар кеңесінің шешімі бойынша үзілгенін растапты. Министрлік өкілдері басқарма төрағасының орынбасарына келісімшартта қаралған өтемақы төленгенін, алайда оның сомасы құпия қалатынын айтты.

Сондай-ақ, ведомстводағылар әуежайдың бірінші басшысы Әдімолдаға қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, кәсіорыннан 2016 жылдан бастап ақша жымқырылған. Жақсылық Мыңжасов жұмысқа 2018 жылдың сәуірінде келген және бухгалтерияның екі жыл бұрынғы қызметіне жауап бере алмаған.

"Алайда дәл осы Мыңжасовпен келісімшарт үзілген, өтемақысы да жаман емес екені анық, ал бастығы орнында қалған", - деп жазады басылым.

Журналистер сот шешімі шықпай жатып кадрлық мәселелердің қазірден бастап шешіліп жатқанына да таңданысын жасырмаған.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан әуежайның бұрынғы бас есепшісі 1,3 миллиард теңге жымқырды деп айыпталып отыр. Ол тіпті Антикоррупция қызметіне де 16 миллион теңге сомасында пара бермек болды деп күдікке ілінген.

Тengrinews.kz
 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29