Қылмыс

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі параға айфон алғанын мойындады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтады. Ол пара ретінде жеке компания өкілінен соңғы үлгідегі айфон телефонын алған. Әкім параны Байқоңыр ауданын абаттандыру бойынша жұмыстарды алуға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін алған деп күдіктелуде, - деді Агенттік өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер кінәсін мойындап, қылмыстық істі сотқа жедел түрде жіберуге арыз жазды, - деді Данияр Биғайдаров.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының әкімі болып 2019 жылдың сәуір айында Асқар Есілов тағайындалған еді. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімінің орынбасары, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның Корпоративтік басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

 Вaq.kz




Көрілген: 230    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29