Қылмыс

Нұр-Сұлтан полицейлері 16 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен маскалар тәркіледі

  • Нұр-Сұлтан полицейлері 16 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен маскалар тәркіледі

    Нұр-Сұлтан полицейлері 16 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен маскалар тәркіледі

Елордада жүргізілген кезекті рейд барысында медициналық препараттардың заңсыз саудасымен айналысқандар ұсталы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нақтырақ айтқанда, Орынбор көшесінде «Фольксваген» автокөлігі тоқтатылып, оны тексеру барысында Қытайда өндірілген «Lianhua» капсуласының 165 қаптамасы тәркіленген. Бұл препаратты Қазақстан Республикасының аумағында сатуға рұқсат жоқ. Ұсталған жергілікті тұрғын препараттарды сайттардың бірі арқылы тапқанын, қала аумағында соны сатып, пайда таппақ болғанын мойындады.


«Қазіргі уақытта бұл дәрінің ел аумағына қалай кіргізілгені анықталу үстінде. Тағы бір жағдайда қаланың 33 жастағы тұрғыны Парацетамол, Ингавирин, Дексаметазон, Цефтриаксон, Лидокаин, Эуфилин, Сумамед пен Ципролет сынды тапшы препараттарды сатпақ болды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері тағы бір азаматтан 6500 масканы тәркіледі. 8 күннің ішінде Полиция департаменті медициналық маскалар мен қорғаныс құралдарының заңсыз саудасының 36 жағдайын анықтады. Атап айтқанда, 4 500 қаптама дәрі-дәрмек, 238 500 дана маска, градусниктер, қорғаныс халаттары, костюмдер, қолғаптар, медициналық бас киімдер, көзілдіріктер, антисептиктер мен медициналық бұйымдар тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 16 600 000 теңгені құрады», - делінген хабарламада.


Анықталған әрбір оқиғаға қазіргі заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Елорда полицейлері қала тұрғындарын белсенділікке шақырып, дәрі-дәрмекті қымбаттата немесе заңсыз сатқандар анықталса, қалалық Полиция департаментіне жүгінуге немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, 8-747-620-57-93 (WhatsApp), 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

 

 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30