Қылмыс

Нұр-Сұлтан тұрғыны 13 млн теңгесін ұрлатып алды

  • © Sputnik / Константин Чалабов

    © Sputnik / Константин Чалабов

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер астаналық банктердің бірінен алынған ірі көлемдегі ақшаны көліктен ұрлап кетті. Оқиға сейсенбі, 3 наурызда Абай даңғылы мен Ғабдуллин көшесінің қиылысында болды.

 

"Сағат 10.30 шамасында бір досым өзінің депозит шотынан ақша алды. Ол ақшаны мен Министрліктер үйінің маңынан алып кеттім. Жол бойы бірнеше жерге соқтым. Абай даңғылында аялдап, төрт минутқа асханаға кіріп шықтым. Қайтып келіп, жолаушы есігінің әйнегі сынғанын көрдім. Салондағы 13 миллион 500 мың теңге салынған барсетка жоғалды", - дейді жәбірленуші.

 

Содан ер адам кетіп бара жатқан автокөліктің соңынан қуады.

 

"Қаскүнемдер Ресей нөмірін таққан Lada Priora көлігімен менен қашып кетті", - деп атап өтті жәбірленуші.Ол бұл көлікті ақшаны алған кезде көргенін айтады. Ер адам өзін аңдып жүріп, көлікте ешкім болмайтын сәтті күтіп, ұрлық жасағанына сенімді.

 

Ер адам полицияға шағым түсірді. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 177-бабының төртінші бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін түсіндірді.

 

"Күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

 

Егер күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30