Қылмыс

Нұр-Сұлтан тұрғыны өзі сатқан көлігін қайта ұрлап кеткен

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ер адам көлігін сатып, оны қайтадан айдап әкеткен KIA Rio автокөлігінің жаңа иесі машина ұрлығы туралы полицияға шағымданған. Ол күні бұрын түнде көлігін кілттеп, далада қалдырғанын айтқан. Келесі күні таңертең машинасы жоқ екенін аңғарған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын көрген кезде таңғы сағат 5 шамасында күдікті көлікті кілтпен ашып, айдап әкеткен. Құқық қорғаушылар күдіктінің жеке тұлғасын анықтады. Ол иномарканың бұрынғы иесі екені белгілі болды.

 

"Машинаны сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған. Ол көліктің жаңа иесінің мекенжайын да анықтап алған. Автокөлікті айдап әкеткен соң, күдікті машинаны жалдамалы гаражда қалдырып, кейіннен басқа өңірге жолға шыққан", – деді полицияда.

 

Машина ұрлау фактісі бойынша келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асты.

 

Елордалық полиция қызметкерлері ұзақ іздеуден кейін Қостанайда күдіктіні қолға түсірді. Ол қандай жазаға тартылатыны жайлы полиция қызметкерлері нақты мәлімет ұсынған жоқ. Алайда Қазақстанда машина ұрлығы үшін 1-3 мың АЕК көлемінде айыппұл (2,9-8-7 миллион теңге) немесе абақтыда 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде жазасын өтеу қарастырылған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31