Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі ДЦП ауруына шалдыққан қызды зорлады деген күдікке ілінді

23 мамыр 2022, 20:05

Нұр-Сұлтанда 55 жастағы автобус жүргізушісі балалардың церебральды сал ауруымен (ДЦП) ауыратын 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталды. Күдікті табылғанымен, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 16 мамырда түстен кейін болған. Бойжеткен колледжден автобуспен оралған. Қыздың ағасының айтуынша, жүргізуші одан "қаланы аралатып, қыдырдатынын айтып" қалуын өтінген. Осыдан кейін жүргізуші аруды соңғы аялдамаға апарған. 

"Қарындасым — туғанынан мүгедек, ДЦП диагнозы қойылған. Ол бәрін түсінеді, бірақ өте көнгіш адам. Егер артымнан жүр десеңіз, ол бара береді. Негізінен ол колледжден шыққан. Айтуынша, аялдамасына жетіп, автобустан түсуге тырысқан кезде жүргізуші оны шақырған. Автобуста бейнежазбалар да бар, оның біраз бөгеліп қалғанын көруге болады. Қарындасымның сөзінше, ол оған "осында отыра тұр, мен саған қаланы көрсетемін" деген. Қарындасым оған көніп, бірге кеткен. Біз соңғы аялдамаға дейін бардық, онда жан баласы болған жоқ. Ол қарындасыма күш көрсету арқылы зорлық әрекеттерін жасап отыр", - дейді қыздың ағасы. 

Қыздың ағасы сондай-ақ маршруттың жүру уақыты бойынша автобустағы камера қосылғанын, бірақ жүргізуші оны соңғы аялдамада өшіріп тастағанын айтты. Камера 17 минут жұмыс істемеді. Бәрі аяқталғаннан кейін ол автобустан қашып шыққан. Соңғы аялдамада тұрған адамдар оған кетуге көмектескен. 

"Жалпы оқиғаның қалай болғанын сипаттап берді. Бірақ ол егжей-тегжейлі айта алмайды. Үйге келген соң, құрбысына болған жағдайды баяндап берген. Содан кейін оны гинекологқа апарды. Түнгі сағат 12-ге дейін бізді бір кабинеттен екінші кабинетке сүйреді. Тек түн ортасында ғана оқиға болған автобусты әкелді. Мені күдіктінің табылған-табылмағаны туралы сұрақ мазалады. Бірақ оны бастапқы кезде таппады.12:00-ден бастап іздеді, тек 04:00-де оны үйінен тапты. Әкеліп, тергеу жүргізді. Осыдан кейін адвокат мені шақырды. Қарындасыммен бірге келіп, бетпе-бет кездестік. Ол болған жағдаймен келісіп отыр. Бірақ жасағанын мойындаудан қашып, екіжақты келісіммен болды дейді. Қарындас мұны жоққа шығарып отыр", - деп толықтырды Александр.

Полиция қызметкерлері жауап алғаннан кейін күдіктіні ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты. Бірақ ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.