Қылмыс

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Полиция мәліметінше, 10 қарашада сағат 22.56-да Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінде жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

"Оқиға орнына келген қызметкерлер жастардың төбелес шығарғанын анықтаған. Төбелес салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Біреуі 17 жастағы Жанболат Ағаділ, пышақ жарақатын алған. Ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған", - деді полициядағылар.

 

Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

"Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандарды анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталғандармен тергеу жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасып жатыр", - деді полициядағылар.

 

Еске салайық, биыл ақпанда қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол сотқа құрметсіздік танытты және судьяға балағат сөздер айтты деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Кейін прокуратурадағылар Ағаділдің өліміне оған қойылған асқынған миокард инфаркты диагнозы себеп болғанын және оның мас болғанын мәлімдеді.

 

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Дулат Ағаділ Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген.

 

 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31