Қылмыс

Нұр-Сұлтанда бірнеше әйелге несие алдырған алаяқ Алматыдан ұсталды

  • © kavkazplus.com

    © kavkazplus.com

Астаналық полицейлер әйелдерді алдап ақшаларын иемденіп, аттарына несие рәсімдеуге көндірген алаяқты ұстады, депа хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша, машиналарын иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, аляқтық жолмен оларға несие алдырған.


«Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордада әйелдерді алдап бірқатар алаяқтық жасаған 34 жасар Т.-деген азаматты Алматы қаласында қолға түсірді. Ол бір жәбірленушіні алдап, алты миллион теңгесін жымқырған. Онымен қоймай бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті бірге де тұрған», делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта ер адам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды, тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі.


Сонымен қатар, күдікті былтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолды қылған.


Қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екендігі тексерілуде. Осыған байланысты елорданың Полиция департаменті ұсталған азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса астаналық полиция департаментіне арыздануды немесе мына телефондарға: 8(7172)71-60-22, 71-63-29; 102 хабарласуын сұрайды. 


sn.kz




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 17:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31