Қылмыс

Нұр-Сұлтанда бұрынғы иесі адам жалдап, сатып жіберген көлігін ұрлатқан

  • Нұр-Сұлтанда бұрынғы иесі адам жалдап, сатып жіберген көлігін ұрлатқан

    Нұр-Сұлтанда бұрынғы иесі адам жалдап, сатып жіберген көлігін ұрлатқан

Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы иесі автокөлікті адам жалдап ұрлатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 02.00 шамасында жедел басқару орталығына Кемеңгерұлы көшесіндегі үйдің жанында автокөлік ұрланғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Дереу қаланың барлық полиция бөлімшелеріне нұсқау берілді. Ұстау жоспары жарияланды. Полицейлер Өндіріс көшесімен айналма жолға қарай жылжып бара жатып, артқы нөмірі жоқ автокөлікті байқады.Д ауыс зорайтқыш құрылғы арқылы олар көлікті тоқтатып, көліктің маркасы мен түсі бағдар бойынша сәйкес келетіндігін анықтады. Жүргізушінің көлік басқару құжаттары болмай шыққан. Зардап шегуші оқиға орнына келіп, көлігін таныды", - делінген полиция хабарламасында.

 Көлікті айдап алып кеткен 33 жастағы ер адам көліктің бұрынғы иесі одан жәбірленушіге сатқан көлігін ұрлауды сұрағанын мойындаған. Оған көліктің кілттерін және автокөліктің орналасқан мекен-жайын ұсынған ер адам көрсетілген қызметі үшін 160 мың теңге төлеген.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 200-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Полицейлер өте тез әрекет етті, оларды жарты сағатта ұстады. Олар тез жұмыс істеді. Мен тіпті көлік табылады деп күткен жоқпы",  - дейді көліктің иесі.




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30