Қылмыс

Нұр-Сұлтанда ер адам әйел мен оқушы қызға шабуылдады

  • Фото: News.nashbryansk.ru

    Фото: News.nashbryansk.ru

Нұр-Сұлтанда 44 жастағы әйел мен 13 жастағы оқушы қызға шабуылдаған ер адам ізі суымай қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қошқарбаев көшесінде болған.

 

Белгісіз біреу көшеде кетіп бара жатқан адамдардың көзінше әйел адамға шабуылдаған. Алдымен ол әйелдің қолындағы сөмкесін тартып алмақ болған.

 

Сол сәтте әйел айқай салып, айналасындағылардан көмек сұраған. Осы кезде жақын маңда кетіп бара жатқан ер адам әйелді тонамақ болған бұзақыға тап берген. Тонаушы сол сәтте оқиға орнынан ізін суытқан.

 

Оқиғаның куәгерлері болған жәйт туралы «102» нөміріне хабарлаған.

 

Алайда баукеспе осы әрекетін тағы жалғастырған. Ол енді көшеде кетіп бара жатқан 13 жастағы оқушы қыздың рюкзагын тартып алған.

 

Оқиға орнына бірден полиция наряды жетті. Тәртіп сақшылары 36 жастағы ер адамды қылмыс болған маңнан ізін суытпай ұстады.

 

Осы оқиғалар бойынша «тонау» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

 

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары қылмысқа немқұрайлы қарамай, әрекет еткен азаматтарға алғыс білдіреді.

 

 

 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 10:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31