Қылмыс

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты дүкендерден киім ұрлап, базарда сатқан

  • Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты дүкендерден киім ұрлап, базарда сатқан

    Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты дүкендерден киім ұрлап, базарда сатқан

Елордалық полицейлер сауда үйлеріндегі бутиктерде киім ұрлады деген күдікпен жас отбасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, ерлі-зайыпты күндізгі уақытта сауда және ойын-сауық орталығының бутиктеріне кіріп, қымбат ерлер мен әйелдер киімдерін таңдап, киім өлшейтін орында арнайы құралдың көмегімен қорғаныс құрылғыларын алып тастап ұрлап жүрген.

Ұрланған мүлікті олар базарда төмендетілген бағамен сатқан, кей заттарды өздері киген. Шығын сомасы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта 29 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы жары ұсталды. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың астанада бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сенбі, 20.06.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30