Нұр-Сұлтанда жасөспірімді жезөкшелікке тартқан ер адам ұсталды

03 наурыз 2022, 13:41

Елордада адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шара басталғаннан бері полицейлер 31 адамды анықтап, мамандандырылған есепке қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар бергені үшін үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда ерсі әрекет көрсеткені үшін 34 бұзушы тартылды.

 

«Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері үш ай бойы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан полицейлері 25 және 28 жастағы әйелдерді қолға түсірді, олар ақшалай сыйақы үшін массаж салондары түріндегі притондарда клиенттерге қыздардың интимдік қызмет көрсетуіне мүмкіндік жасаған.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.