Нұр-Сұлтанда жасөспірімнің сөмкесінен телефон ұрлаған күдікті ұсталды

06 тамыз 2022, 19:25

Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған жайт елордада орын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 20:00 шамасында Жұбанов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңы жанынан өтіп бара жатқан ер адам жасөспірімдердің футбол ойнап жатқанын байқап, оларды сырттай бақылайды.

 

Балалар ойынға қыза кірісіп кеткенде ол футбол алаңы шетінде жатқан жасөспірімдердің бірінің рюкзагына қол салып, ұялы телефонды ұрлады. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

 

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.