Қылмыс

Нұр-Сұлтанда күтуші қожайынының тоғыз мың долларға жуық ақшасын ұрлап кеткен

  • Нұр-Сұлтанда күтуші қожайынының тоғыз мың долларға жуық ақшасын ұрлап кеткен

    Нұр-Сұлтанда күтуші қожайынының тоғыз мың долларға жуық ақшасын ұрлап кеткен

Елордада жұмыс берушінің үйінен ірі көлемде ақша жымқырған күтуші ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғыны полицияға арыз жазып, оның пәтерінен 8700 доллар ұрланғанын хабарлаған. Арызданушының айтуынша, ол ұрлық жасады деп күтуші болып жұмыс істейтін 35 жастағы әйелден күдіктенеді. Әйел өтініш берушіде ағымдағы жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген.

 
Пәтер қожайындарының жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған әйелдің әмиянынан ақша ұрлаған.

"Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасаған күдікті тұрғылықты жері бойынша ізін суытпай ұсталды. Ұрланған қаражат күтушіден табылып, тәркіленді. Әйел 2 мың долларды айырбастап үлгерген, бірақ ұрланған ақшаны пайдалана алмаған, өйткені оны жедел уәкілдер ұстады", - деді полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, оның бұрын елордада жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сенбі, 06.11.2021, 10:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31