Қылмыс

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ 20 млн теңгенің жүк көлігін ұрлап кеткен

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

40-55 жас аралығындағы бес күдікті құны 20 млн теңге болатын 2019 жылы шыққан «SHACMAN» маркалы жүк көлігін айдап әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«102» пультіне ЖШС директоры жүгінген. Ол құрылыс нысаны аумағынан түнгі уақытта жүкті өзі түсіретін жүк көлігі жоғалып кеткенін хабарлаған.

 

48 жастағы күдікті бұрын аталған ЖШС-да жұмыс істеп, өзінің жүк көліктерін пайдалануға беріп жүріп, «SHACMAN» маркалы жүк көлігін айдап әкетуді ойластырғаны анықталды.

 

Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ол достарын ұрлыққа тартқан.

 

Түнгі уақытта құрылыс нысанының аумағына кірген олар жүк көлігін ұрлап кеткен. Жүк көлігімен ізін жасырып, ұрлық жасаушылар оған ұқсас басқа жүк көлігінен нөмір алып, ұрланған көлік нөмірін өзгерткен.

 

Полиция қызметкерлері дереу қала маңындағы барлық ауылды аралап, ірі көлік тұрақтарын тексерген, бірақ одан нәтиже болмаған.

 

«Одан әрі іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер тынымсыз жұмыстың нәтижесінде қылмыскерлердің ізіне түскен. Қаскүнемдер олардан сезіктеніп, Монастырка ауылына жүк көлігін айдап әкеткені анықталды. Онда олар бір апта бойы көлікті ангарда ұстаған. Кейіннен көлік құралы Арқалық қаласына жеткізілген, онда жүк көлігі бөлшектеліп, ішінара қосалқы бөлшектері сатылған»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.

 

Автокөлік бөлшектерінің жартысын полиция қызметкерлері Арқалық қаласының тұрғынынан алған. Ол күдіктілердің өтініші бойынша көлікті ірі ақшалай сыйақы үшін бөлшектеген.

 

Қазіргі уақытта «SHACMAN» маркалы жүк көлігін ұрлаған күдіктілердің барлығы ұсталды.

 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 16:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30