Қылмыс

Нұр-Сұлтанда полицей дәрігерден миллион теңге талап еткен

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Елордалық полицей Азамат Балтаев Нұр-Сұлтанда белгілі дәрігерден миллион теңге пара талап еткен. Соттың үкімімен полицей жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Есіл аудандық № 2 соттың құжаттарына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 9-қабаттан құлап түсе жаздаған баланы құтқарған Жол-патрульдік полицияның экс-инспекторы дәрігерден пара бопсалағаны анықталып отыр.

Сондай-ақ, сот алдына оның әріптесі Ринат Әбдрахманов кедді, ол да жеті жылға бас бостандығынан айырылып, екеуі де өмір бойына құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Әбдрахманов пен Балтабаев биыл наурызда Mercedes ML 300 көлігін тоқтатқан. Онда Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов болған. Содан полицейлер ер адамның сыра ішкенін анықтаған да одан миллион теңге пара талап еткен.

Сот құжаттарына қарағанда, Ақшолақов ақша беруге келіскен, бірақ шотында ондай соманың болмағанын айтқан, 400 мың теңгесі ғана болған. Полицейлер қызметтік көлігімен банкоматқа барып, дәрігерден шешкен ақшасын алып кеткен. Бірнеше күннен кейін дәрігер полицейлердің үстінен арыз түсіріп, нәтижесінде олар барлық ақшаны қайтарған.

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.12.2019, 16:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31