Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мас жолаушының пәтерін тонап кетті

08 маусым 2022, 16:37

Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен елорда аумағында жеке тасымалдаумен айналысқан 41 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады. Бұл туралы Вaq.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Полицияға жүгінген қала тұрғыны, бір күн бұрын қонақта болғанын және алкогольдім ішімдік ішкенін айтқан. Сағат 23.00-де ол үйіне жету үшін такси шақырған.

 

Көрсетілген мекен-жайға жеткенде такси жүргізушісі клиенттен су ішуді өтінген. Жүргізушімен үйге бірге кірген мас жолаушы пәтерде ұйықтап қалған. Ер адамның жағдайын көріп, жүргізуші ұрлық жасауға шешім қабылдап, пәтерді тінти бастаған. Такси жүргізушісі ұялы телефонды, "Самсунг" маркалы планшетті, 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты олжа қылған. Сонымен қатар, үй иесінің кроссовкалары мен флип-флоптарын да өзімен бірге алып кеткен.

 

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.