Қылмыс

Нұр-Сұлтанда үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлап кетті

  • https://www.moderator.az/

    https://www.moderator.az/

Үй тазалаушы - жалдамалы әйел қожайынның үйінен ақша ұрлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үй шаруашылығына жалданып, сол үй иелеріне тиесілі ақшаны ұрлады деген күдікті әйелді ұстады.

Тергеу барысында әйелдің бұл үйге бір жыл жалданып жұмыс істеп, одан соң өз еркімен жұмыстан шыққандығы анықталды.

Жұмыс берушілерден шағым болмаған.

Керісінше, жұмыстан шығып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң, үй иелері оны бір күнге үйінде жұмыс істеуге шақырады.

Үй күтушісі өз жұмысын атқарып, пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, 6000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты ұрлады деген күдік келтіріллді, - делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.

 

Ақшаның жоғалғанын үй иесі бір айдан кейін ғана байқаған, сод соң бірден полицияға хабарласқан.

 

Полиция 31 жастағы, бұрын сотты болған әйелді ұстады.

 

Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Күдікті өз кінәсін мойындады.

 

Әйел ақшаның көп бөлігін жұмсап үлгерген.

 

Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп толықтырды баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31