Қылмыс

Нұр-Сұлтандағы 3 жасар қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін

  • © sputniknews.kz

    © sputniknews.kz

Ауыр халде жан тапсырған 3 жасар елордалық қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.


Бүлдіршін жағдайы төмен отбасында дүниеге келген. Қыздың анасы полиция департаментінде есепте тұрса, өгей әкесі бұрын істі болыпты.


Түрлі деңгейдегі жарақатқа балғынның ағзасы шыдамай, ауруханада көз жұмған. Қазір осы қылмысқа қатысты сараптамалар әзірленіп жатыр. Тергеу қорытындысы осы айдың соңына дейін сотқа жолданбақ. Полицейлер әзірге істің мән-жайын ашып айтпай отыр.


Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:


- Бұл факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер қылмысы дәлелденсе, 8-12 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Биылғы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандарға күш көрсету фактісі бойынша 600-ге жуық іс тіркелген.


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қылмыстың бұл түрін көбіне жәбірленушінің жақындары жасайтынын айтты.


Бүгінде мыңнан аса педофил мен 3 мыңға жуық зорлық-зомбылық көрсетуші түзету мекемелеріне тоғытылған.


Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


- Өкінішке орай елде кәмелет жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету деңгейі артып отыр. Мұндай әрбір екінші қылмыс пәтер мен жатақханаларда жасалады. Күш көрсету мен зорлаудың алдын алу мақсатында прафилактикалық жұмыстарды жандандыра түсу керек.


astanatv.kz


 


 




 




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 09:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31