Нұр-Сұлтандық 37 жастағы әйелге халықаралық іздеу жарияланды (фото)

09 қараша 2019, 15:12

Нұр-Сұлтан полицейлері алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полиция департаменті криминалды полиция басқармасы 1982 жылы туған Сәрсенова Мадина Мұрзабекқызына іздеу салғанын хабарлады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Сәрсенова аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.

Қазір күдікті халықаралық іздеуде.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті іздеуде жүрген азаматша жайлы кез келген ақпарат бойынша 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Тәртіп сақшылары күдіктінің суретін жариялады.