Қылмыс

Нұр-Сұлтанның Мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

  • Нұрлан Сыдықов. Фото: astana.gov

    Нұрлан Сыдықов. Фото: astana.gov

Елордалық мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Нұр-Сұлтанның Мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты Ашық диалог алаңындағы конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

 

Интернет-конференция барысында ведомство өкілдеріне елордадағы мәдениет басқармасын басқаратын Сыдықовтың қамауға алынғаны жайлы сұрақ қойылды.

 

"Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуде қамқорлық танытқаны үшін мердігерден ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде",– дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 

Белгілі болғандай, шенеунік шын мәнісінде жемқорлық қылмысы бойынша күдіктелуде. Ол ұсталып, тергеу соты Сыдықовқа қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын меңзей отырып, тергеудің егжей-тегжейін ашып айтпады. Олар бұл істің шешімін сот шығаратынын атап өтті.

 

Сонымен қатар агенттік өткен жыл мен 2020 жылдың 4 айында мәдениет және спорт саласында 107 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелгенін атап өтті. Олардың 72-і сотқа жолданған.

 

Бүгінгі таңда 63 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Сыдықов мәдениет және спорт басқармасының басшысы ретінде 2019 жылдың тамызында қызметке келген болатын. Оған дейін ол оңтүстік астананың мәдениет басқармасын басқарған. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "Астана LRT"-ні басқарған Талғат Арданның ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31