Қылмыс

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды – видео

  • © usolie.info

    © usolie.info

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екі айға қамауға алынды.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "БҚО денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, деп хабарлады өңірлік "Мой город" басылымы.

 

<iframe width="500" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/Owm-RhsiVkM" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Болатбек Қаюповтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны 29 қазанда белгілі болды.

 

30 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма басшысының сыбайласымен бірге медициналық жабдықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 7,8 миллион теңге пара алғанын хабарлады.

 

Оларға қатысты тергеу басталды.

 

Бас дәрігер мен басқарма басшысы арасындағы жанжал

 

2020 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова облыс әкіміне коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қосымша стационарлар құру туралы ұсыныс жасаған. Дәл осы жағдай денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екеуінің арасындағы жанжалға себеп болды. Содан кейін әйел жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.

 

Алайда 24 маусымда дәрігер облыстық денсаулық сақтау басқармасына жұмыстан босату туралы өтінішін қараусыз қалдыру туралы ресми хат жолдаған. Соған қарамастан аурухананың бас дәрігері 29 маусымда жұмыстан босатылды. Содан кейін Надия Ахметова сотқа шағым түсірді.

 

Сол кезде Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюпов Надия Ахметова екеуінің арасында ешқандай жанжал болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен.

 

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері басшысын қорғап, Болатбек Қаюповтан Надия Ахметованы бұрынғы қызметіне қайтаруды сұрады. Ресми өтінішке аурухананың 18 қызметкері қол қойды.

 

11 қыркүйекте сот Надия Ахметованы қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады.

 

sputnik.kz




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31