Қылмыс

"Оқ атып, өктемдік жасаған": Алматыда екі қылмыстық топтың жолы кесілді

  • "Оқ атып, өктемдік жасаған": Алматыда екі қылмыстық топтың жолы кесілді

 

 

 

2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қылмыстық топ

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі жариялады. 

 

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - делінген ресми хабарламада.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер алынды.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде", - деп қосты ҰҚҚ өкілдері.

 

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 21:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31