Қылмыс

Олимп букмекерлік кеңсесіне қатысты сот үкімі шықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Атышулы «Олимп» қызметкерлері 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық соты букмекерлік кеңсеге қатысты үкімін оқыды.

 

Осы іс бойынша сотта 11 адам жауап берсе, тағы 9-на іздеу жарияланған болатын. Бұл азаматтарға бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болу, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, салықтан жалтару, қылмыстық жолмен тапқан ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру сияқты әрекеттер болды.

 

Сот үкімі бойынша осы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Сотталушылар өз кінәсін мойындамаған.

 

Сот үкімі 15 күннен кейін заңды күшіне енеді. Оған дейін олар апеляциялық шағым түсіре алады.

 

Абай Жарылқасын, Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінің хатшысы:

 

– Соттың үкімімен осы тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, осы 95 млрд теңгені өндіруді сот міндеттеді. Қалған 9 тұлға негізі осы қылмыстық іс бойынша 20 адам өтеді. Соның 9-ы қазіргі таңда іздестірілуде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Және осы апеляциялық сатыда қайта қаралуы мүмкін.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 21:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30