Қылмыс

Өлтірмек болды: Анасы үш баласын тыржалаңаш шешіндіріп, аязды күні орманға апарып тастады

  • Өлтірмек болды: Анасы үш баласын тыржалаңаш шешіндіріп, аязды күні орманға апарып тастады

    Өлтірмек болды: Анасы үш баласын тыржалаңаш шешіндіріп, аязды күні орманға апарып тастады

Жаңа Мәскеу тұрғыны түнде үш кішкентай баланы орманға апарып, жалаңаш шешіндіріп, оларды аязда қалдырды. Үлкен ұлы 10 жаста, ортаншысы екі жаста, кіші қызы бір жаста ғана болған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

 
33 жастағы Наталья Вазинаның үлкен ұлы 10 жаста, ортаншысы екі жаста, кіші қызы бір жаста ғана. Ол балаларды көлікке әкеліп, оларды салонда шешіндіріп, өзі шешініп, балаларын орманға алып барған.

Әйелдің жтүршігерлік әрекетін тергеушілер анықтайды. Оның жақында балалардың әкесімен жанжалдасқандығы және осындай қатыгез түрде одан кек алу туралы шешім қабылдағаны туралы дәлелдер бар.

Балалар тірі қалды, бірақ әр түрлі ауырлықта аязға үсіп қалды. Олар жансақтау бөлімінде жатты. Әйел де ауруханаға жатқызылды, қазір оның психикалық денсаулығы тексеріліп жатыр.

Сосенский елді мекенінің итпен серуендеп жүрген тұрғындарының бірі балаларды құтқарды. Осы жабайы көріністі көргеннен кейін ол өзі араласуға тырысты, содан кейін полиция шақырды.

Ол сұхбат беруден бас тартты, бірақ сүйіктісі пікір берді:

«Мен ол жаққа жүгіргенімде, ол қолында баланы көтеріпалып келді, содан кейін полиция күшімен үш баланы алып шықты, олар жалаңаш болды. 15-20 минуттар болса керек, бірақ әйел жалпы алғанда бір сағаттай аязда болды. Ол кейбір сұрақтарға жауап берді», - деді құтқарушы жігіттің қалыңдығы.

Үш кішкентай баланы өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Балалардың әкесі әйгілі зергер және тележүргізуші Илья Клюев деген болжам бар.

«Бесінші арнаға» берген сұхбатында кәсіпкер балалардың анасы оған шынымен таныс екенін растады, сондай-ақ бұл жағдайды «жабайылық» деп атады.

«Мен, әрине, есеңгіреп қалдым. Таныс адам, мұндай жағдай болған кезде ... Біз мұны анықтаймыз. Әрине, біз балаларды қалдырмаймыз. Мен ауруханаға бардым. Бірақ бәрі емес өте түсініксіз. Дәрігер ешнәрсе егжей-тегжейлі айтқан жоқ. Әрине, бұл жабайылық», - деді ер адам.




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.02.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30