Қылмыс

Оңтүстіктегі трагедия: үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

  • Оңтүстіктегі трагедия: үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

    Оңтүстіктегі трагедия: үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Күдікті балалар тұрған үйде дезинсекция жүргізу үшін ауыл шаруашылығына арналған улы химикатты пайдаланған

Шымкентте үш баланың неден көз жұмғаны анықталды. Белгілі болғандай, олардың үйінде қайғылы жағдайға дейін зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізілген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың 3 қарашасында төрт жасар және бір жасар бала белгісіз заттан уланып қаза болған еді. Осыған ұқсас оқиға биыл 13 ақпанда да тіркелді: сегіз айлық сәби көз жұмды.

"Анықталғандай, трагедияға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізілген. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол 42 жастағы ер адам. Ол ауыл шаруашылығы саласына арналған "Имидаклопридты" қолданған", - деді полициядан.
Сот шешімімен күдікті екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша (санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормативтердің бұзылуы) тергеу жүріп жатыр.

Ер адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алғашында балалар тұшпарадан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам қаралды. Алайда талдау тамақта зиянды зат болмағанын көрсеткен.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.04.2020, 14:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31