Қылмыс

Орал тұрғыны әріптесін өлтіріп, бір ай бойы мәйіттің жанында жатқан

  • CC0

    CC0

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Серікжан Әділовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті Мой Город порталы.


58 жастағы қылмыскер "Ғимарат" ЖШС-да күзетші болып қызмет етіпті. 3 наурыз күні кешкі 20:00-де әріптесі Марат Черниязовпен ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келіп қалып, Черниязов Әділовке соққы жасаған. Ол да жауап берді. Соққының қатты болғаны соншалық, Черниязов есінен танып қалған. Ал Әділов болса, әріптесін ұруын тоқтатпаған.


Әділов Черниязовтың бас сүйегін сындырып жіберген. Мәйітті кереуеттің астына тығып қойып, 27 күн бойы өзі де сол бөлмеде тұрған. Адамның денесін жүргізушілердің бірі тауып алыпты.


Тергеу кезінде қайтыс болған Черниязовтың Әділовті қайғылы оқиғаға дейін бірнеше мәрте соққыға жыққаны анықталды. Екеуі де отбасынан кетіп, жұмыс орнында тұрған.


Тағы оқыңыз: Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды


Сот Әділовті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыскер он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Sputnik


 




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 20:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31