Орал тұрғыны күйеуін тонап кетті

08 мамыр 2022, 01:19

Зачаганск кентінің тұрғыны полицияға тұрмыстық техника мен автобөлшектердің жоғалғаны туралы арыз түсірді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ер адам тәртіп сақшыларына хабарласып, екі теледидар, тоңазытқыш пен көліктің қосалқы бөлшектері жоғалып кеткенін айтқан. Ұрлық 14-23 сәуір аралығында жасалған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрлықты арыз берушінің әйелі жасағанын анықтады. Күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Мой город".

Әйелдің не себепті ұрлық жасағаны айтылмаған.

sputnik.kz