Қылмыс

Орал тұрғыны қыздың кесірінен ажал құшты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Оралда полиция көлік соқтығысының құрбаны болған 21 жастағы Игорь Серебряковтың өлімін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға таңертеңгі сағат үштер шамасында төртінші шағын ауданда орналасқан "Виктория" қонақүйінің жанында болған. Екі топ арасында жанжал туындаған.


"Менің жиенім Игорь сол түні достарымен бірге демалып отырған еді. Олар көрші компаниямен жанжалдасып қалды. Төбелес басталды. Ер адамдардың бірі Игорьді KIA Rio көлігімен қағып, оны он шақты метр жерге дейін сүйреп апарды. Менің жиенім алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды", - дейді Андрей Серебряков.


Қазір марқұмның туыстары апат туралы білетін және қайғылы оқиғаны ұялы телефонға немесе видеокамераға түсірген жазбалары бар куәгерлерді іздестіруде. Кез-келген ақпараты бар адамдардан 8 (707) 637 16 42 немесе 8 (747) 280 57 52 телефондарына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.


Полиция департаменті осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.


"Онда екі компания демалды. Біреуінде Игорьмен қоса жас жігіттер болды. Ал екіншісінде жасы үлкен ер адамдар. Жанжал өтіп бара жатқан қызға қатысты шыққан. Жас жігіттер оған тап бергендіктен, ер адамдар арашаламақ ниетте араласып кеткен. Ер адамдар көлікке отырып кетуге тырысқан, бірақ марқұм көліктің алдыңғы жағына секіріп жатып алған", - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар барлық адамдар анықталды. Көлік айып тұрағына қойылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Абайсызда адам өліміне әкелетін жол ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


 




Көрілген: 1296    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30