Қылмыс

Орал тұрғыны үйіне шақырған жезөкшені өлтіріп, денесін әжетханаға тастаған

  • Орал тұрғыны үйіне шақырған жезөкшені өлтіріп, денесін әжетханаға тастаған

    Орал тұрғыны үйіне шақырған жезөкшені өлтіріп, денесін әжетханаға тастаған


Қыздың денесін полиция бір жарым айдан соң бір-ақ тапқан




Орал қаласында былтыр күзде болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот үкімі шығып, қылмыскер ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.


Жезөкшенің денесін табуға сол күні Бесштановтың үйіне қызды жеткізіп салған такси жүргізушісі көмектесті. Сотталушы полицияға әжетхананы көрсетіп, мәйіт сонда жатқанын айтқан.Қылмыс 2018 жылдың 29 қазанында болған. Сотталушы Александр Бесштанов жеңіл жүрісті қызбен үйінде ішімдік ішіп отырады. Бір кезде қыз көрсеткен қызметінің ақысын талап еткенде, екеуінің арасында кикілжің пайда болады. Ер адам жезөкшені өлтіру үшін бетінен бір ұрып, сол жақ тізесімен мойынын басып, аузы-мұрыны жауып, төрт минуттай тұншықтырған. Кейін Бесштанов оның киімін шешіп, аулаға апарып өртеп жібереді де, денесін төсек жаймаға орап, скотчпен жапсырып, өзінің ауласындағы әжетханаға тастай салады. Мәйіт сол жерде бір жарым ай жатыпты.


40 жастағы Александр Бесштанов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпталып, 13,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын төтенше қауіпсіздік жүйесінің түзету мекемесінде өтейді, сондай-ақ маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. Бұдан бөлек, сотталған азамат қаза тапқан әйелдің анасына моральдық шығын ретінде 3,5 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 415 мың теңге төлеуі тиіс. Сот үкім шығарғанда сотталушының кішкентай баласы барын ескерген.


Қылмыскер кінәсін ішінара мойындады. Оның айтуынша, қыз "зорладың деп арыз түсірем" деп қорқытып, 70 мың теңге талап еткен көрінеді. Ер адам сол себепті жантүршігерлік қылмысқа барыпты-мыс.


"Қызым енді жоқ. Қандай болса да, перзентім ғой, өзім бағып-қағып өсірдім. Небәрі 25-те ғана еді, менімен бірге тұратын. Тіпті хайуанға да мұндай қиянат жасамайды. Осы айлар бойы тірі шығар, табылып қалар деп үміттендім. Қоштаса да алмадым. Маған салса, бұл жауызды өз қолыммен өлтірер едім. Қызымды аяусыз өлтірген. Соғыс кезінде де мұндай қатыгездік болмаған шығар. Ешкімнің басына бермесін. Жүрегім сезеді, әжетханаға тастағанында, қызым тірі болатын. Құдай жазасын берсін", - деді қыздың анасы.Қаза тапқан қыздың анасы сот үкімімен толық келісетінін айтты.


Ал сотталған ер адамның туыстары соттың үкімі тым қатал деп отыр.


Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, шағым түсіруге болады.





 



sputniknews.kz




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30