Оралда 25 жастағы жігіт 36 жастағы әйелді зорлаған
Оралда 36 жастағы әйел зорланған. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
 
Ведомствоның ақпаратынша, 8 қаңтарда сағат түнгі 3 шамасында 25 жастағы жігіт өз үйінде 36 жастағы әйелді зорлаған.
 
Бұған дейін ер адам мүліктік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
 
Қазіргі уақытта Орал полиция басқармасы аталған факті бойынша "Зорлау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.