Қылмыс

Оралда 42 жастағы еркек қызғаныштан ашынасын өлтірді

  • https://cityreporter.ru/

    https://cityreporter.ru/

Оралда ер адам ашынасын қызғаныштан өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 қараша күні Д.Қонаев шағынауданында болды.

 

Сағат 15.10-да зорлықпен өлтірілген 40 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол басынан, белінен көптеген пышақ жарақатын алған.

 

Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

 

Жедел іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Белгілі болғанындай, аталған екеу кездесіп жүрген. Екеуі пәтер жалдап, бірге арақ ішкен. Ақыры ер адам мас күйінде ашынасын қызғаныштан өлтірген.

 

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен ер адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 08:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31