Қылмыс

Оралда бес күзетші ер адамды жабыла сабап, өлтіріп алған

  • © Pixabay

    © Pixabay

Оралда алған ауыр жарақаттары салдарынан ер адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда сағат 05:00-де Омега ауданында орналасқан «Конденсат» жанар-жағармай құю бекетінен қоңырау шалған адам бір топ жігіт бір адамды жабылып ұрып жатқанын айтқан.

- Полиция жасағы оқиға орнынан үсті-басы қан-қан ер адамды тапты. Күдікті ретінде "Сова" жекеменшік күзет агенттігінің бес қызметкері ұсталды, деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Бұл оқыс оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, яғни "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем станциясына қоңырау таңғы сағат 04.52-де түскенін растады.

- 04.57 шамасында жедел жәрдем көлігі оқиға орнында болды. 32 жастағы ер адам облыстық көп салалы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Оның қабырға үсті қуысында, одан иықтан төменгі бөлігінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, одан бөлек бет-аузы күп болып ісіп, кеудесінде де көгерген іздер болған, - дейді денсаулық басқармасындағылар.

"Сова" күзет агенттігі бұл жайтқа қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр. 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29