Қылмыс

Оралда бір-бірімен төбелескен әсіредіншілдерден қару табылды

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Оралда бір-бірімен төбелесіп қалған діндарлардан, суық қару тәркіленді.

 

Полиция дерегінше, қаланың қақ ортасында екі жігіт жанжал шығарған. Суыт дабыл ізімен оқиға орнына жеткен сақшылар оларды ұстады.

 

Куәгерлердің айтуынша, сырт пішімі деструктивті діни ағым өкілдеріне ұқсайды. «Діншілдердің» не үшін дауласып, бір-бірімен неге жаға жыртысқаны әзірге белгісіз. Мұны енді тергеу амалдары анықтамақ.

 

Бүгінде қаланың қақ ортасында қару асынып жүрген күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

Өзге ақпараттарды құзырлылар жариялаудан бас тартты.

 

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

 

– Тексерген кезде күдіктілердің бірінен тапаншаға ұқсайтын зат табылды. Сонымен қатар одан патрон салатын қорамсақ пен кобура да табылды. Енді осы дерек бойынша сараптама жасалады. Қазір ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 23:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31