Оралда бірнеше пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды

07 тамыз 2022, 00:18

Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесі бойында болды.

 

«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

 

Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.