Мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, “Орал-Анталья” халықаралық рейсімен кетіп бара жатқан жолаушыларды бақылауды жүзеге асыру барысында ЕАЭО елдерінің бірінің азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz qaz.ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұстау кезінде 14,5 млн. теңге сомасында қолма-қол ақша қаражаты анықталды (бұл ҚР Ұлттық Банкінің 21.09.2022 ж. бағамы бойынша 30 318 доллар құрайды). Тәртіп бұзушы осы ақшаны заттарымен бірге полиэтилен пакетке салып жүрген.
Тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.
ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларына сәйкес, кедендік декларациялауға - кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын қолма қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін Одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жатады.