Қылмыс

Оралда жас қыз бен жігіттің көзіне жас ағызатын газ шашқан тұрғын ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда екі адамға бұрыш баллонын шашқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін орын алды.

 

Белгісіз біреу серуендеп жүрген 12 жасар қыздың және 19 жастағы жігіттің көзіне бұрыш баллонын шашып кеткен. Бұлардың екеуі де көзінен күйік жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне жеткізілді.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Хан тоғайында болғанын жеткізді. Бұрыш баллонын шашқан ер адам қолға түсті. Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Абай полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31