Қылмыс

Оралда қаскүнем сатушыға пышақ салды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді. 31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Видеодан 23 наурызда "Мобильник" ұялы байланыс салонына ер адамның кіргенін көруге болады. Ол сатушымен сөйлесіп, телефондар мен оның аксессуарларын көрсетуді сұрайды. Сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем пышағын шығарып, беліне бірнеше рет сұққан.


"Оған дейін қылмыскер дүкенде 40 минут бойы жүрген. Телефон таңдап жатқандай болыпты. Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен. Ер адам осындай қылмысы үшін үш рет сотталғанын білдік. Ол бұл шабуылға дайындалған", - деді зардап шегушінің танысы Владимир.



31 жастағы сатушы қалалық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін төрт сағат бойы арпалысты. Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан.


"Науқасқа ота жасалды. Жағдайы ауыр. Хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзіне келді, өзі дем ала алады", - дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев.


Полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұсталған күдікті полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.


 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 20:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30