Қылмыс

Оралда мереке күні 9 сынып оқушысын зорлау оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты

  • Көрнекі сурет.  https://ru.oxu.az/

    Көрнекі сурет. https://ru.oxu.az/

Оралда 9-шы сынып оқитын қызды зорлағандардың арасында, кәмелет жасына толғандардың да бар екендігі белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергелуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

 

Айта кетелік, 8 наурыз күні мерекені тойламақ болған оралдық оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлаған еді. Жәбірленген қыз кәмелет жасына толмағандықтан, бұл оқиға туралы көп дерек әзір құпия.

 

Полицияның хабарлауынша, ары тапталған қыздың анасы 9-наурыз күні құзырлы орындарға арыз түсірген. Осыдан кейін тергеу амалдары басталыпты.

 

Шералы АБДРАХМАНОВ, БҚО ПД ТБ БАСТЫҒЫ:

 

- Осы арыз негізінде көрсетілген факт бойынша оқиғаның ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық қажетті алғашқы тергеу амалдары орындалды. Тағайындалатын қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Полиция дерегінше, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Оқыс оқиға да сол жерде болған. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тексеруге алыпты. Ал қалалық білім бөлімі ата-аналарды жинап жиналыс өткізбек.

 

Жазира РЫСҚАЗИЕВА, ОРАЛ қ. БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 

- Ата-аналар жиналысында мектеп педагогтары, мектеп психологтары және мектеп инспекторлары балалардың сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігі бойынша әңгіме қозғайтын болады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама актілеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Оқушыны зорлағандар арасында кәмелет жасына толғандар да бар екендігі айтылды. Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс саналмақ. Онда күдіктілердің 12-17 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дейтұрғанмен қыздың зорлануына қатысты нақты деректер арнайы сараптама қорытындыларынан кейін белгілі болмақ.

 

Былтыр кәмелет жасына толмағандарға қатысты облыс бойынша 54 қылмыс жасалған. Оның 20-сы жыныстық зорлық көрсетуге байланысты. Бүгінде бұл істің көбісі тергеліп, сотқа жолданған.

 

astanatv.kz




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31