Қылмыс

Оралда өгей әкесін өлтірген қыз бен оның жігіті сотталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда өгей әкесін өлтірген жасөспірім қыз бен оның досы ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан түскен мәліметке қарағанда, 17 жастағы Ирина Лапина мен 19 жастағы Нұрхан Мақсот ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағына (адамдар тобымен қасақана адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды.

Оқиға өткен жылғы 12 тамыз күні Орал қаласындағы Коминтерн кентінде болған.

Жасөспірімнің анасы Вероника Лапина түн ортасында Иринаға хабарласып, азаматтық некедегі, бірге тұратын ері Е.Есқалиевтің мас күйінде жанжал шығарып, төрт жасар қызы екеуін далаға қуып жібергенін жеткізген. Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында досы Н.Мақсотпен жүрген И.Лапина сол бойда жолға шығып, үйіне жетеді. Анасын жақтаған ол өгей әкесінің бетіне соққы жұмсайды. Н.Мақсот та сөмкесінде жүрген қолорақтың үшкір тұсымен оң иығынан ұрады. Бұдан кейін ер адамды қалдырып, бәрі сол ауылдағы таныстарының үйіне кетеді.

Бірақ сағат 03.00 шамасында И.Лапина Н.Мақсотпен бірге қайта оралып, Е.Есқалиевті оятып, анасынан кешірім сұрауды талап етеді. Тағы да жанжал туындап, екеуі Е.Есқалиевті басынан, денесінен қолорақпен, шәйнекпен, табамен және балтамен ұрып-соққан. Алған жарақаттары салдарынан 40 жастағы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Судья Шара Зайнуллинаның айтуынша, қаладағы кешкі мектептің 10-сыныбында оқыған И.Лапина мен еш жерде жұмыс жасамаған Н.Мақсоттың айыптары толықтай дәлелденді.

Сот үкімімен Н.Мақсот 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Ал И.Лапина 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

 

 




Көрілген: 150    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 11:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29