Қылмыс

Оралда ресейлік азамат сатқан автокөлігін қайта ұрлап кетпек болған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда автокөлікті айдап кетпек болған ресейлік азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 14.00-де Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі, 85/2 үйдің жанында болған. Белгісіз біреу оралдық 1992 жылғы тұрғынға тиесілі, 2018 жылы шығарылған, ақ түсті «Киа-Рио» автокөлігін (мемлекеттік нөмірі Х 087 ОВ 56-рус) айдап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында 20 минуттан кейін Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті Айталиев көшесі бойынан ұстады.


Оның рулінде еш жерде жұмыс жасамайтын, көрші елде тұратын 1977 жылғы ресейлік азамат болған. Автокөлік иесіне қайтарылды.


Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған күдікті 1 мың АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл салынуы не сол мөлшерде түзеу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы не 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.


Бір қызығы, ресейлік азамат содан екі күн бұрын осы автокөлігін сатқан. Сосын қосалқы кілтімен келіп, қайта айдап кетпек болған.


 




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30