Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралдық азаматтан 2 млн теңге бопсалағандар ұсталды (видео)

25 қазан 2021, 22:10

Орал қаласында 2 млн теңге бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласының 41 және 35 жастағы тұрғындары 40 жастағы ер адамға күш көрсетіп, 2 млн теңге көлемінде қаржы бопсалаған.

 

 

Бұл жөнінде криминалдық полиция басқармасына жедел хабар түскен.

 

«Арнайы мақсаттағы бөлініс жасағы мен ҚР ҰҚК БҚО департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 22 қазан күні күдіктілер жәбірленушіден ақша алу үстінде қолға түсті. Тінту барысында заттай айғақтар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

 

Толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін берілетін болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылғанын жазған болатынбыз.