Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ордабасыда “ҰҚК қызметкері” ұсталды

26 шілде 2022, 19:02

Ордабасыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

 

Әйел адамның айтуынша, оған танысы Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беремін деп сеніміне кіріп, 1,5 млн теңге ақшасын алған. Алайда ер адам берген уәдесінде тұрмай, не ақшасын қайтармай қойған.

 

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

 

Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Жәбірленуші күдіктінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген.

 

Алайда ер адам ақшаны алған соң хабарсыз кеткен. Күдікті ер адам алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды.

 

Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. 

 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.