Өртеп жіберген: Жоғалған 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды

02 маусым 2022, 18:52

Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" парталына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, жасөспірім 24 мамырда жоғалып кеткен. Үш күннен кейін қыздың анасы Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне арызданған.

 

Тәртіп сақшылары тұрғынның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын анықтаған. Бұл - Алматы облысының 1992 және 2001 жылғы тұрғындары. Қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан.

 

"Күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның денесі жерленген жерді көрсеткен: Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде. Қылмыстың ізін жасырмақ болған олар қыздың денесін өртеп жіберген", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Тергеуді Алматы облысының Полиция департаменті жүргізеді.