Қылмыс

"Орындыққа отырғызып дегенін істеген": Ақтөбеде зорланған мүгедек қыздың анасы күдіктінің намаз оқитын адам екенін айтты

  • "Орындыққа отырғызып дегенін істеген": Ақтөбеде зорланған мүгедек қыздың анасы күдіктінің намаз оқитын адам екенін айтты

 Сұмдық жайт! Ақтөбеде мүгедек қызды туысқан ағасы екі жыл қатарынан зорлап келген. ДЦП дертіне шалдыққан 28 жастағы қыз өзіне жасалған арсыз әрекетті әке-шешесіне ыммен түсіндіріп беріпті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

55 жастағы ер адам туыстарының сеніміне әбден кіргені соншалық, бойжеткенге ешкім жоқ кезде бас-көз боламын деген сылтаумен оның арына қол сұғып келген.

"Намаз оқиды, Құран оқиды. Адамды емдейді. Адамдарды емдейді. Қызыма да массаж істеді. Кім білген олай болатынын?", - деді қыздың анасы.

55 жастағы айуан ағайынынан мұндай қорлықты көрмедім дейді жәбірленушінің анасы. Қызын зорлаған ер адам күйеуінің жағынан туысы болып келетінін айтты. Екінші топтағы мүгедек қызының бойында үрей барын қыркүйек айында байқапты. Әлгі айуан туысы келсе болғаны, қызы «кет, кет» деп ашуланып, өлтірем деп ымдайтын болыпты.

«Денесін ұстап, көрсете бастады. Саған тиісті ме? десем, басын изеді. Қалай зорлағанын көрсетті. Бәрін айта алмайды ғой. Көрсетті бәрін. 1 тамыз күні асүйде, орындыққа отырғызып дегенін жасаған. Бұрып қойып, артынан жасаған», - деді анасы.

Мүгедек қыз сөйлей алмаса да, сурдоаудармашының көмегімен қай бөлмеде, қалай зорлағанын егжей-тегжей көрсетіпті. Ал апталдай ер азамат болса, түк болмағандай, нағашысының қызымен тек бір рет ғана жыныстық қатынасқа түскенін айтқанда, анасы шыдамай кеттім дейді.

"Біздер істі бердік, сот оны неге қайтарып берді? Не дұрыс емес? Олар оның мерзімін қысқартқысы келеді. Ол бір рет болғанын мойындады. Болды. Бірақ бұл бір рет болған жоқ. Бұл бірнеше рет болды. Қызым айтқандай, ұзақ, көп рет болды. Сондықтан біз әділеттілікті қалаймыз. Жасағаны үшін түрмеге жабу керек Мал, мал!!!", - деді анасы.

Жәбірленген қыздың анасы айуанға әділ жаза кескенін талап етіп отыр. Облыстық соттағылар не себепті істің прокурорларға қайтарылғанын былай түсіндірді:

«Зорлау» фактісі бойынша айыпталған 1966 жылы туылған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Соттың ағымдағы жылдың алтыншы қаңтардағы қаулысымен қылмыстық іс прокурорға қылмысық процестік заңнаманың бұзушылықтарына байланысты қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енбеді", - деді облыстық соттың бас маманы Айжамал Сүндет.

Әділдік іздеген ана құзырлы органдар істің мән-жайын дұрыс тергеп, айуан ағайынына әділ жазасын беруді талап етіп отыр.

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 19:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29