Қылмыс

Өскемен тұрғыны алаяққа алданып 6 млн теңгесінен айырылды

  • Өскемен тұрғыны алаяққа алданып 6 млн теңгесінен айырылды

    Өскемен тұрғыны алаяққа алданып 6 млн теңгесінен айырылды

Өскемен тұрғынын несие алуға көмектесемін деп алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 48 жастағы әйел адам хабарласқан. Ол 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпаны аралығында бейтаныс әйелдің ақшалай несие алуға көмектесемін деп сендіріп, 6 100 000 теңгесін иемденгенін айтты.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол Глубокое ауданының 42 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 08:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31