Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды

13 қазан 2021, 08:28

Өскемен қаласының тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа 750 мың теңге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі полиция бөліміне 42 жастағы азамат жүгінген. Өз сөзінде ол 26 жастағы танысының ұлын қаладағы университеттердің біріне грантқа түсіруге көмектесетіндігіне сендіргенін жеткізді.

Алайда қолына 750 мың теңге алған соң ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Алданып қалғанын түсінген шаһар тұрғыны тәртіп сақшыларынан шара қолдануды сұрады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.